Анасы мен 2 жасар ұлына иттер шабуыл жасаған (сурет)

Oinet.kz 19-07-2022 638

Ақтөбеде Нұрсити маңында ана мен балаға иттер шабуыл жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Диапазон басылымына сілтеме жасап.  

Screenshot_1.jpg

Иттерден зәбір тартқан Назгүлдің жанында 2 жасар ұлы болған. Ұлын қорғамақ болып, көтеріп үлгергенімен, Назгүлдің өзі жарақат алған.

Күйеуі Тимурдың сөзінше, Назгүл 19:00-де үшінші шағын ауданнан төртіншіге бара жатқан. Иттер шабуылдағанда жанында 2 жасар ұлы болыпты. Әйел баласын иттер тістемеу үшін жоғары көтерген. 

"Әйелім сырқаттанып, дәрі қабылдау үшін көрші үйде тұратын туыстарына бара жатқан. Жанында 2 жасар ұлымыз болды. Иттер тап бергенде баланы көтеріп алған. Бірақ иттер әйеліме шапқан. Көмекке екі адам келіпті, олар иттерді қуып жіберіпті. Бала қатты шошынып қалған. Енді иттерді көрсе қорқады. Ал әйелім қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына түсті, қазір дәрі қабылдап жүр. Құрылыс алаңында иттерді көретіндерін айтты. Олар өте қабаған, ешкімнен қорықпайды. Тек менің әйеліме емес, тағы бір жігітке шапқан екен. Ол қуып үлгеріпті", – деді Тимур.

Screenshot_3.jpg

Ветеринария басқамасында облыс бойынша 2 наурызға дейін 3 792 ит ауланып, жойылғанын мәлімдеді. Ал Ақтөбе қаласы бойынша 2 294 ит ауланған. Жануарларға қатысты заң күшіне енген соң 4 302 қаңғыбас және қараусыз иттер ауланған. Нұр ситидегі жағдайдан кейін ветеринария станциясы 19 итті аулапты. 

"AMANAT": Тозығы жеткен электр бағаналары ауыстырылды
​Пилоттық жоба іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу