Қару сақтау ережесін сақтамаған 3 тұрғын жауапқа тартылды
Түркістан облысында «Қару» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілді. Шараның басты мақсаты - заңсыз айналымдағы атыс қаруларын анықтау және тіркеуде тұрған қарулармен жасалатын қылмыстардың алдын-алу.
Осы шара кезінде Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 300-ден астам қора иелеріне және қаруы бар азаматтардың тұрғын үйлеріне арнайы барды. Тәртіп сақшылары тұрғындарға профилактикалық шараның маңыздылығын, жүргізілу себебін түсіндірді. Қаруды сақтау ережесі мен қаруға рұқсат алу куәлігінің мерзімдеріне тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар шара кезінде анықталған құқық бұзушылық бойынша 3 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзуына» байланысты хаттама толтырылды.
Бұндай шаралардың маңыздылығы сол халықтық қауіпсіздігі мен қылмыстардың алдын алу.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі