Шымкент: 70-ке жуық қызметші тергеу изоляторларында ұстау жағдайымен танысты

Oinet.kz 17-06-2022 473

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесе мемлекеттік қызметшілерді түзеу мекемелерінде қамаудағыларды ұстау шарттарымен таныстыруды жалғастыруда. 

Бұл жолы ИЧ-167/11 мекемесінде Әділет және Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің және «Оңтүстік-батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қызметкерлері, жалпы саны 70-ке жуық адам болды.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектесетініне сенімді.

Тергеу изоляторының қызметкерлері тергеу кабинеттерін, қылмыскерлерге арналған камераларды, серуендеуге арналған орын мен карцерді көрсетті.

Айта кету керек, биылғы жылы тергеу изоляторларына «Shymkent» ӘКК» акционерлік қоғамының және қалалық білім басқармасының қызметкерлері түзеу мекемелерінде қамаудағыларды ұстау жағдайымен танысқан болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Президентті жақыннан көргенде тілім байланып қалды. Ол - тұлға! - Саясаткер
Үйлену тойында күйеуіне билеп берген қалыңдық елдің ашуын тудырды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу