"Қандай ақымақ 200 мың теңгені жағып жібереді?": 200000 теңге жыры

Oinet.kz 16-06-2022 759

ТикТок желісінде Николай мен Женя есімді екі ер азаматтың он мың теңгелік бір бума ақшаны қоқыс жәшігіне тастап, жағып жатқан видеосы таралды. Олардың бұл әрекетіне көпшілік ұлттық символдарымызды қорлады деп наразылық білдірді. Ақырында әзілкештер қылықтары үшін елден кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Screenshot_12.jpg

Видеодағы екі жігіттің бірі ақшаға мұрнын сүртіп қоқыс жәшігіне лақтырса, екіншісі ақшаны жағып, отына темекісін тұтатқан. Олар осылайша біршама қаражатты қоқысқа лақтырып өртеген. Өздерінің айтуынша, ол жерде 200 мың теңгедей болған.

Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырып, “еліміздің ұлттық символдарын аяққа таптады” деген пікірлер айтылды.

Кейін желі жұлдыздары бұл видеоны әзіл ретінде түсіргендерін айтып халықтан кешірім сұрады.

“Менің атым Николай, жанымдағы Женя. Біз шуға айналып кеткен видеоға түсініктеме беруді шештік. Бұл ақшалар жасанды. Онда ешқандай ұлттық символдар бейнеленбеген. Бәрі әзіл ретінде түсірілген. Екінші жағынан қандай ақымақ 200 мың теңгені жағып жібереді? Біз осы орайда халықтан шын көңілімізбен кешірім сұраймыз. Біз музыканттармыз және қызықты видео түсіргіміз келген. Халықты, ұлттық символды таптайық деген ниетіміз болған жоқ. Біз студия ән жазып кейін қысқа бейнеролик түсіруді жоспарладық. Ойнаймыз деп от шығарып алған сияқтымыз. Біз бұл үшін жауапқа тартылдық. Қазақстан халқынан кешірім сұраймыз!”- деп жариялады олар.

Біз де елордада туылдық, деп ақталған тиктокерлерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

"Полиция қызметкерлері бұл тұлғаларды анықтап, Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізді. Бейнежазба авторларына қатысты әкімшілік іс қозғалғаны анықталды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен оларға 5 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұлтжанды ақын Мұхтар Шахановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді
Cіз қандай ата-анасыз? Тест арқылы қандай ата-ана екеніңізді біліңіз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу