«AMANAT»: Түркістанда республикалық штаб мүшелерінің кездесулері жалғасуда

Oinet.kz 24-05-2022 414

Screenshot_1.jpg

Белгілі сықақшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық штаб мүшесі Көпен Әмірбек бүгін Түркістан қаласына келді. Ол референдумды қолдау бойынша алдымен Конргесс Холл көпсалалы кешенінің ұжымымен кездесу өткізді. Оған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, облыстық штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев та қатыстып, жаңа реформа жайлы түсіндірмелер жүргізді.

К.Әмірбектің айтуынша елдегі өзгерістер халықтың сұранысы арқылы туындап отыр.

- Қазір ашық, шынайы әңгіменің дәуірі. Елге өзгерістер керек. Ал ол Ата Заңнан басталады. Екінші рет қабылданғалы отырған референдумда қазақстандықтардың қозғап жүрген мәселелері қамтылыпты. Депутаттарды сайлау жүйесінде де біршама өзгерістер бар екен. Өзін-өзі ұсына алуы, әр азаматқа берілген үлкен мүмкіндік. Сондықтан алдағы референдумды қолдап, бір кісідей атсалысқанымыз жөн, - деді республикалық штаб мүшесі. 

Screenshot_2.jpg

К.Әмірбек сапары аясында «Түркістан арена» көпфункционалды спорт кешенінің ұжымымен кездесті. Жиындарда Б.Тәжібаев Ата Заңдағы өзгерістер, оның ішінде сайлау жүйесіне қатысты түзетулерді тарқатып айтты. 

- Бұған дейін сайлауға жылына бір рет қатысқан болсаңыздар, бұдан кейін жиі баруыңыз мүмкін. Өйткені жаңа Заңда депутаттардың мандатын, әкімдердің өкілеттігін қайтару мүмкіндігі беріледі. Яғни билік халықты тыңдайды деген сөз. Жаңа Қазақстан сөзбен емес іспен құрылады. Өзгерісті әрбіріміз өзіміден бастағанымыз дұрыс. Ел тағдырына елеулі өзгеріс жасайтын шешімге атсалысуға шақырамыз, - деп кездесуді түйіндеді. 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

#ReferendumAMANAT

Байтұрсынов мектебінің шәкірттері Индонезия елшісімен кездесті
Күйеуімді жек көріп кеттім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу