Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Елордада 8-қабаттан құлай жаздаған 3 жасар қызды құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев және Сағи Жылқышиев өздерін сол сәтте видеоға түсірген келіншекке алғыс айтты.
"Біз сол күні видеоға кім түсіргенін білдік, бірақ мүмкіндік болмады. Біздің қуанышымызға себепкер болғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Балаларыңыз аман болсын! Әрқашан осындай қуанышта жүре берейік, сізге алғысымыз шексіз! Біз хабарласпады деп ренжімеңіз", - дейді Сағи Жылқышиев.
Айта кетейік, бұған дейін Сәбит пен Сағиға 8-қабаттан құлап кете жаздаған бүлдіршіннің анасы да алғыс айтқан болатын. 3 жасар қыздың анасы телеарналардың біріне сұхбат беріп, көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап берген еді.