«Өзімді өлтірейін бе?» - Мейіржанның әйелі өзіне қол жұмсамақ
Бір жігіттің інісін білемін. Біреулерге алданып сотталып кетті. Артынан ешкімді ертпеді. Ешнәрсені жарнамаламады. Жәй алданып қалды. Тиын тебен табу үшін. Бізде ақшасы жоқ неше адам осылай сотталады.
Енді мына Мейіржанның тірлігі ше? Қаржылық Пирамиданы жарнамалады. Артынан болса да 10 миллион теңге ақша салды. Ия ол да алданып қалған шығар. Бірақ 10 миллион теңгені артығымен шығарамын деп салған болу керек. Алла разылығы үшін салмаған шығар. Әйелінің видеосын қарап шықтым. Оқып отыр. Қоғамдық резонанс тудыру үшін өзімді өлтіру керекпін ба дейді. Сендер үшін біреу солай да жасады.
Әйелі қайта қайта бәрі заң аясында болсын дейді. Біздің сайқал заңда осындай алаяқтарды соттамайды екен. Соттаса кезінде Ернар Айдар бастаған әншілерді соттау керек еді. Осыны біліп әдейі айтып отыр. Ешкім Мейіржан қашып кетті деп жатқан жоқ. Ақша үшін неге қаржылық пирамиданы жарнамалайды деп жатыр. Негізі оның сотталғаны ешкімге керек та емес. Байқағаным күніге Дубайда, Шымбұлақта еді ғой. Колбасасы, дүкені болатын. Енді тақыр кедейміз демейтін шығар. Сот максимум жаза шығартып алданған адамдардың ақшасын төлеттірсін. Оның түрмеге отырғызып ары қарай асырағанша бүкіл шегіртке, вайнер кім бар соларға сабақ болсын деп 200-300 миллион теңгелік штраф кесу керек. Бәрін тазалап, біреудің атына жазып қоймаса әрине. Сосын соны алданғандарға төлесін.
Сәбит Рысбаевтың Facebook парақшасынан