Жұлдыз Әбдікәрімова абысынын «түсі суық» деп сынайтындарға жауап берді
Желіде Айдарбековтер әулетінің үш келінін салыстырып, қызу талқыға салғандар Жұлдыз Әбдікәрімованың ашуына тиді. Актриса өзін кейінгі келіндермен салыстыратындарға жауап берді.
"Әр адам индивид. Біреуді біреумен салыстырмай, өзіміздің кешегіміз бен бүгінімізді салыстырғанымыз пайдалырақ болар. Өсу бар ма, жоқ әлде өшу бар ма, өзіңе есеп бере аласың.
Сол сияқты желіде бізді де салыстыру орынсыз. Әйгерімнің өзіне жарасымды нәзіктігі мен талдырмаш болмысы бар. Ал кеше ғана жаңа табалдырық аттаған Жібекті “Неге күлмейді, түсі суық” деп жерден алып жерге салып жатырсыздар. Жаны қандай таза, ең алғаш танысқан сәттен бастап “Жеңге” деп құрақ ұшып тұрады", - деп жазба қалдырды Әбдікәрімова желідегі парақшасында.