Облыс, мегаполис әкімдері бір-бірін көріп арқа-жарқа, мәз-мейрам болды

Oinet.kz 19-03-2022 1363

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға арнаған Жолдауынан соң Ақорда резиденциясында облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Screenshot_16.jpg

Жиын барысында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Президент Үкімет пен әкімдерге әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде шаралар кешенін қабылдауды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында саяси реформалардың кезекті топтамасын іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді. Үкімет пен әкімдіктерге жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде жүйелі шаралар қабылдауға тапсырма берілді.

Президент Баспасөз қызметінің BortN1 телеграм парақшасында әкімдерің жиын алдындағы фотолары жарияланды. Мұнда әкімдер бір-бірімен сөйлесіп тұрды. Кейбіреулері арқа-жарқа болып ресмиліктіен көңілді, еркін күйге ауысты.   

Қазақ күресінен өткен "Тайқазан" турнирінің палуандары анықталды
Түркістанда экобазар ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу