Президент бірдеңе болса болды митингке шыға беретіндерді сынға алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кез келген мәселе бойынша митинг ұйымдастыра бермеуге және ел тәуелсіздігін сақтауға шақырды.
"Біз басты байлығымыз - Тәуелсіздікті сақтап, ұлттық болмысымыздың іргетасын нығайтып, елді өзгертуге жұмылуымыз керек. Бұл біздің ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз. Қазір саяси баррикадалар құрып, кез келген мәселе бойынша митинг ұйымдастыратын, күмәнді шешімдерді талап ететін, қарсылықсыз талаптар қоятын, қызметтік міндетін атқарып жатқан полиция қызметкерлерін сөгетін уақыт емес. Осының бәрі әлем жұртшылығының алдында халқымыздың беделін түсіреді. Қайғылы қаңтар оқиғасы еліміздің беделіне орасан нұқсан келтіріп үлгерді. Мұны мойындау керек", - деді Мемлекет басшысы.