Гүлзира Айдарбекова су жаңа құдаларын көрсетті

Oinet.kz 16-03-2022 4337

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің құда-құдағиларын көрсетті. Жұлдызды отбасы бүгінде келін түсіріп, кенже ұлының үйлену тойына қызу дайындалуда.

Screenshot_6.jpg

Айдарбекова Instagram парақшасында қос құдасымен түскен суреттерін жариялап, көпшілікке жаңа келінінің ата-анасын көрсетті. Белгілі продюсер қазіргі уақытта жастардың дүбірлі тойына дайындалып, екі-үш күннен бері дамыл таппай жүргенін айтты. 

"Ең кіші ұлымыз Заңғар баламыз Жібек екеуі бір-бірін қалап, сырға салу, есік ашу, құда түсу, ата-баба салтымен барлық рәсімдері жасалып, 2-3 күннен бері тынбай жатырмыз. Алла жамандықтан емес, жақсылықтан шаршатқаннан артық бақыт жоқ шығар. Ең бастысы, келініміз адалынан болсын! Сіздер де жастарға бақыт тілеп қойсаңыздар нұр үстіне нұр", - деп жазды ол. 

Бас басына би болса…
«Шекарадағы ауылдарға «Қытайға қош келдіңіз» деген хат келеді»: - депутат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу