Елімізде қанша орыс, қанша украин бар?
Кеше Алматыда белсенді жастар Украинаны қолдау мақсатында бейбіт акция ұйымдастырып, Ресей елшілігінің ғимаратына барғаны айтылуда.
Олар Ресей билігінің агрессорлық әрекетіне және Ресей армиясының Украина территориясына басып кіруіне қарсылықы білдірген деп жазады Abai.kz.
ҚР Ұлттық статистика бюросының 2022 жылғы мәліметі бойынша, Қазақстанда 3 млн 512 925 орыс ұлтының азаматтары тұрады. Жалпы халықтың үлесі бойынша 18,58 пайызды құрайды.
Ал, Украин ұлтының еліміздегі жалпы саны - 263 962, бұл халықтың 1,42 пайызын құрайды екен.
Ресейдегі Қазақстан елшілігі сайтында: Бүкілресейлік халық санағының деректері бойынша (2010 ж.) РФ қазақтарының саны (21 облыс және өңірде ) 647 732 адамды яғни, бүкіл халықтың 0,65% құрайтыны жазылған.
Басқа деректер бойынша Ресейде 800 мыңнан 1,5 млн-ға дейін қазақ тұрады екен. Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысында шамамен 13 мың адам тіркелген. Қазақ диаспорасының басқа да жинақы тұратын жерлері ҚР-мен шекаралас облыстар: Астрахань (149 мың); Орынбор (120 мың); Омбы (78 мың); Саратов (76 мың); Волгоград (76 мың); Челябі (35 мың); Түмен (19 мың), - деп көрсетілген.
Ресми деректер бойынша Украинадағы қазақ ұлтының адамдары 2016 жылы 60 920 адам деп көрсетілген. Ал, ресми емес деректер Украинада 40 мыңдай қазақтар тұрып жатыр дейді.