Шымкентте азаматтарды бірыңғай қабылдау күндері өтуде
Шымкентте қаласы әкімінің шешімімен, азаматтарды жеке мәселелері бойынша «Бірыңғай қабылдау күндері» жалпықалалық іс-шарасы басталды. Ж.Шанин атындағы драма театры ғимаратында өтіп жатқан қоғамдық қабылдауға 150-ге жуық қала тұрғыны жазылған.
Шараның алғашқы күнінде халықты қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың бастамасымен қалалық тұрғын үй, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, білім, денсаулықсақтау басқармалары мен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, мен Әділет департаменті, басшылары, сондай-ақ, аудан әкімдіктерінің басшылықтары қабылдауда.
Бірыңғай қабылдау күніне келген азаматтардың басым көпшілігі тұрғын үймен қамту және әлеуметтік көмек пен тұрақты жұмыс орнымен қамту өтініштерін жеткізді. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков көтерілген мәселелер назарға алынып, заң аясында шешімін табатынын айтуда. Бұл тұрғыда жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Айта кету керек, Ерғали Дәулетбекұлы азаматтарды апта сайын қабылдап, түйткілді мәселелерін бақылауға алып келеді. Мәліметке сүйенсек, былтыр 400-ге жуық азамат қала әкімі орынбасарының жеке қабылдауында болған.
Бүгінгі бірыңғай қабылдау күндерін өткізудегі мақсаты да сол - тұрғындармен тікелей қарым-қатынас орнатып, түйткілді мәселелердің оң шешімін табу.
Бекітілген кестеге сәйкес жалпықалалық іс-шара жалғасын табады. Қоғамдық қабылдауға жазылып, толық ақпарат алу үшін 8(7252) 24-71- 61; 24-70 47 нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.