Ауыз сумен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде

Oinet.kz 24-12-2021 561

Шымкентте биыл елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту бағытында  14 нысанның құрылысы жүргізілді.  11 ішкі орамдық жүйе, үшеуі 30 шақырымды құрайтын магистралды суаққы. 

image.png

10 елді мекенде құрылыс аяқталып, абоненттеу жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және  Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле(276 орам) және Нұртас елді мекенінде ауыз су мәселесі түбегейлі шешілді. 

Жыл соңына дейін қамтылу көрсеткіші 98 пайызға, ал, қаланың даму жоспары бойынша 2023 жылы көрсеткіш 100 пайызға жетпек.

Сонымен қатар, биыл құбыр тарту жұмысы басталған Құрсай шағынауданында құрылыс келер жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. 

Қайнар бұлақ пен Сайрам тұрғын алабында ауыз сумен қамту құрылысы 2022 жылы жүргізіледі. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пиротехникалық заттарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!
Шымкенттің инвестициялық әлеуеті өңірлік стратегиялық әріптестікті нығайтуға серпін береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу