Пиротехникалық заттарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Oinet.kz 24-12-2021 630

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балалардың көпшілігі, сондай-ақ ересектер пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан жарақат алады. Осыған байланысты Шымкент қаласы аумағында Төтенше жағдайлар департаменті жазатайым оқиғаларды алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруда.

image.png

Пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібіне бақылау жүргізу жұмыстарына жергілікті атқарушы органдары мен Полиция департаментінің қызметкерлері және еріктілер қатысуда. Олар қала аумағындағы ірі сауда орталықтарында, базарларда кезең-кезеңімен үгіт-насихат өткізуде.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаевтың айтуынша, рейдтік іс-шара барысында пиротехникалық заттарды сатуға лицензиясы жоқ немесе сақтау тәртібінде заң бұзушылықтары орын алған жағдайда полиция қызметкерлері тарапынан ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 483 бабымен кәсіпкерге айыппұл салуға әкімшілік іс қозғалып, пиротехникалық заттарды тәркілеуге алады. 

Төтенше департаментінің мамандары қала тұрғындарына пиротехниканы пайдаланудың негізгі ережелері мен  сатып алу кезінде неге назар аудару қажет  екенін еске салады:

Ең алдымен, өнімнің сертификатталғанын көру үшін пиротехниканы пайдалану ережелерімен танысу керек;

Оны сақтау және сату мерзіміне назар аударуды ұмытпаңыз: егер өнімнің мерзімі өтіп кетсе, оны ешқандай жағдайда қолдануға болмайды.Қаптама бүтін, жыртылмаған болуы керек;

Тұрақталған көліктердің жанында зымырандарды атуға болмайды. 50 метр радиуста өрт қауіпті объектілер болмауы тиіс;

Көрермендер нақты пиротехникалық бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қауіпті аймақтан тыс, бірақ кемінде 20 м қашықтықта болуы тиіс;

Пиротехниканы қолмен іске қосуға тыйым салынады;

Енді бенгал шамдары туралы. Біріншіден, мемлекеттік өртке қарсы қызмет жанғыш зат бар жерде ашық отты пайдалануды ұсынбайды. Бенгал - бұл ашық от. Бенгал шамдарының температурасы 2 мың градусқа жетеді. Сондықтан оларды жанғыш материалдардан алыс пайдалану керек. Пиротехниканың кез келген түрі адам денсаулығына елеулі зиян келтіретін қауіпті құрал екенін есте сақтау қажет.

Айта кетейік, 2019, 2020 жылдары Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде жазатайым оқиғалар тіркелмеген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкентте шырша шамы жағылды
Ауыз сумен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу