Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі. Қала тұрғындары назарына!
Ертең, 21 желтоқсан күні сағат 10:00-де азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне Республикалық тексеру жүргізіледі. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жаттығу күні тұрғындардан үрейленбей, тыныштық сақтауды сұрайды.
Мамандардың айтуынша, белгіленген уақытта халықты хабарландырудың барлық қолда бар құралдары іске қосылады. Атап айтқанда бұл күні электросиреналар, сиреналық-сөйлеу құрылғылары, теле-радио хабарларын таратуды ұстап алу, жеделкөлік, СМС тарату, Darmen мобильді қосымшасы арқылы халықты хабардар ету сынды жабдықтар іске қосылатын болады.
Сондай-ақ қауіпті өндірістік нысандарды, гидротехникалық құрылыстарды – су қоймаларын және т.б. құлақтандыру мен қамту жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі