Қайын жұртына сәлем салған күйеубала елді ашуландырды (видео)
Әлеуметтік желі қолданушылары ер адамның қайын жұртына салған сәлемін қызу талқылап жатыр. Әзірге оның қай жердің салт-дәстүрі екені белгісіз.
Адамдар күйеу баласын құдайдай сылайтын қазақ үшін бұл салт жат екеніне сенімді. Көпшілігі сәлем салған ер адамға ашуланып оған қарсы пікірлер жазды.
"Топас еркек", "Мен бір нәрсеге таң қалдым,осы жігіттің әкесі қайда қарап отыр екен? Намыс қайда,қаным қайнап отырғаны", "Не көрсекте таң қалмайтын болдық. Біздің қазақ ойына келген нәрсені істеп жатыр.Өздерінше бір жаңалық шығарған болып. О заманда бұл заман күйеу сәлем салды деген не сұмдық. Еркектер әйелдің, әйелдер еркектің салтын істеп кетті" - деп жазды желі қолданушылары.