Көлік жүргізушілерінің назарына!

Oinet.kz 07-12-2021 384

Желтоқсан айының басында Шымкент қалалық халықаралық әуежайда 485 орындық   жаңа автотұрақ қолданысқа берілген болатын. Автотұрақ аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көлігіне 8, қызметтік көліктерге 9 арнайы орын қарастырылған. Көлік тұрағына арнайы жарықшамдар орнатылып, бейнебақылау камераларымен жарақтандырылған.  

image.png

Ескі автотұраққа тек қоғамдық көліктер мен брендттелген таксопарк көліктерін қоюға рұқсат етілген. 

Құрметті қала тұрғындары! 

Халықаралық әуежай аймағында қойылған белгілерге мұқият болып, жол ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз. Ережені бұзған жағдайда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қойылған Сергек кешенді бейнебақылау  камералары түсіріп, айыппұл салынатындығын қаперлеріңізге жеткіземіз. 

Бұл өз кезегінде әуежай маңында көлік қозғалысын реттеуге үлкен мүмкіншілік береді. Сол себепті көлік жүргізушілерінің түсіністікпен қарап, мұқият болуларыңызды сұраймыз. 

Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы

276 орам тұрғындары ауыз сумен қамтылды
Шымкенттегі медицина бұйымдарын шығаратын кәсіпорын «Алтын сапа» сыйлығын жеңіп алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу