ЖИТС - өмірдің соңы емес
Түркістан облысы ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы облыс әкімдігінің қаулысымен 2018 жылдың 12 желтоқсанында құрылды. Орталық қалада АИТВ жұқпасының таралуын болдырмау үшін профилактикалық эпидемияға қарсы шаралармен айналысады.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға білікті медициналық көмек көрсетеді. ЖИТС орталығы облыстағы ең үздіктердің бірі болып саналады. Бақытжан Жүзжасаровтың басшылығындағы мекемеде жоғары біліктілік санатындағы медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Орталық мамандары бірнеше республикалық басылымдарға ғылыми мақала жариялаумен қатар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді ынтымақтастық жасайды.