Достықта демеушілер есебінен екі алаңша ел игілігіне берілді
Биыл Қаратау ауданында 29 орынға ашық спорт алаңшасын ел игілігіне беру жоспарланған. Бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Достық шағынауданында 2 ашық спорт алаңшаның құрылысы бітіп, тұрғындарға пайдалануға берілді.
Алаңша «Шымкент қайырымды қала» демеушілер есебінен салынды. Енді балалар ашық спорт алаңшасында бұқаралық спорпен еркін айналысуына мүмкіндік алды. Алаңша қажетті құрылғылармен жабдықталған.
Айта кетейік, аудан аумағындағы Асар, Ақжайық, Нұрсәт, Азат, Нұртас шағынаудандары мен Сайрам, Қайнарбұлақ, Достық, Өтеміс тұрғын алаптары, Бозарық саяжайында спорт алаңшалары салынып, қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде.