Жаңа кітаптар жарық көрді

Oinet.kz 30-11-2021 452

ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, Тәуелсіздік күніне және Ұлттық қауіпсіздік органдарының 30 жылдығына орай «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары» және «Мемлекеттік шекара» атты кітаптары жарыққа шықты. 

image.png

Кітаптарда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекет шебін қорғау ісіне лайықты үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі баяндалады.

Басылымдарға қазіргі уақытта құпиясыздандыруға болатын оқиғалар ғана енгізілді. Оның негізінде – нақты адамдар, оқиғалар мен деректер, оған тікелей қатысушылардың эмоциясын жеткізетін қатаң деректі стильде мазмұндалған. Кітаптар сауда орындарына еркін сатылымға шығады.

ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Достықта демеушілер есебінен екі алаңша ел игілігіне берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу