Шымкентте жалдамалы пәтерде қызды өлтірген күдікті ұсталды (видео)

Oinet.kz 26-11-2021 2212

Шымкентте жалдамалы пәтерден қан-жоса болып жатқан қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы Oinet.kz сайты Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

image.png

Шымкентте жалдамалы пәтерден қыздың мәйіті табылды.

Өңірлік "Отырар" порталының хабарлауынша, қыздың денесін 25 қараша түнгі сағат 01.30-да тапқан. Марқұм шамамен 20-25 жаста.

Пәтер иесі марқұмның үйді 3 күнге жалға алғанын айтты. Ол пәтерді жігітімен бірге болуы да мүмкін. Артынша екеуінің арасында жанжал шыққан деген болжам айтылды.

Алғашқы екі күнде қыз пәтер иесімен байланысқа шыққан, ол марқұмның даусынан ерекше ештеңе байқамағанын айтады.

Алайда үшінші күні телефон қоңырауына жауап бермеген, соған байланысты пәтер иесі дабыл қақты. Қосымша кілтпен есікті ашқан үй иесі еденде қан-жоса болып жатқан қыздың денесін көрген.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның денесі пәтер ішінде шамамен бір күн жатқанын айтты.

Түні бойы оқиға орнында жедел уәкілдер жұмыс істеді. Күдіктілер мен куәгерлер іздестіріліп жатыр. Полиция кісі өліміне қатысты басқа ақпарат таратпады.

Кейіннен істестіру нәтижесінде қызды өлтірген күдікті ұсталды. Шымкент қаласында 25 қарашаға қараған түні сағат 1:30 шамасында Республика даңғылында орналасқан тұрғын үйлердің бірінде бойжеткеннің мәйіті табылды. Жас қызды жалға алып отырған пәтерінде пышақтап кеткен көрінеді. Дереу жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде күдіккті ұсталған. Алайда, оқиғаның қалай және не себеппен орыналғаны әлі белгісіз.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Студенттер арасында діни экстремизмнің алдын алу шаралары өтті
«Дикий Арман» алғаш рет әке атанды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу