Кәсіпкерлер балаларды қуантты

Oinet.kz 05-11-2021 587

Screenshot_7.jpg

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Майлықожа көшесіндегі көпқабатты № 17 үй ауласында жаңа спорт алаңшасы тұрғындар игілігіне тапсырылды. Белгілі кәсіпкер Серік Түлбасовтың жеке қорының есебінен салынған алаңшаны қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ашты. 

Биыл демеуші қаражаты есебінен салынған 5-ші спорт алаңшасында воркаут аймағы, фитнес, волейбол, баскетбол және кіші футбол ойнауға мүмкіндік бар.

– Ел болашағы – жастардың денсаулығы мен білімінде. Сол миссияны орындау мақсатында баршамыз бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Бұқаралық спортты дамытуға өз септігін тигізіп жүрген қаламыздың жомарт азаматтарына алғыс. Биыл Әл-Фараби ауданында жалпы 31 спорт алаңшасы пайдалануға беріледі. Оның 25-і қала бюджетінен, ал 6-ы демеуші есебінен. Тұрғындар бұл игі істеріңізді ұмытпайды, – деді Мақсұт Пернебайұлы.

Бүгінде Шымкент қаласының барлық аудан аумағында балалар ойын алаңшалары, спорт тренажерлары пайдалануға берілуде.

«Корно-1» сүт өнімдерін өңдейтін ферманың жұмысы қарқынды
Дәрігерлер ауыр халдегі 900 граммдық сәбиді аман алып қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу