«Корно-1» сүт өнімдерін өңдейтін ферманың жұмысы қарқынды

Oinet.kz 02-11-2021 673

Screenshot_11.jpg

Сүт өнімдерің денсаулыққа пайдасы орасан зор. Табиғи таза өнімді әсіресе балалар көп пайдаланады. Сүт құрамында бала ағзасына қажетті көптеген дәрумендер бар. Бұл баланың өсуіне оң ықпал етеді. Сондықтан да сүт өнімдеріне әрқашан сұраныс азаймайды. 

Осы орайда Шымкентте сүт өнімдерін өңдейтін фермалар көптеп салынды. Оның біразы қарқын түрде жұмыс істеп тұр. Бүгін «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасының іске асырылуын бақылау жасау мақсатында Шымкент қалалық маслихат депутаттары Б.Төлегенов, Б.Қыдырбаев және Ж.Таңатарова «Корно-1» сүт өнімдерін өңдейтін фермаға барып, жұмыс барысымен танысты. 

Ферманың тіршілігімен қалалық ауылшаруашылық және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары таныстырып, мемлекет тарапынан беріліп жатқан субсидиялар жайлы айтып өтті. Яғни, 100 басқа арналып салынған қорада 50-ден астам сементал тұқымдас сиырдан сүт өндіріліп отыр. Мемлекет тарапынан 10 млн. теңге субсидия беріліп, 10-нан астам азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылған. 

«Бір қошқарымды 1 млн 700 мың теңгеге саттым» - асыл тұқымды қошқар өсіруші
Кәсіпкерлер балаларды қуантты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу