Қазақстандық боксшыға қатысты дау шықты
Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өкіліне қатысты жанжал шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Теміртас Жүсіповтің Өмер Аметовичке қарсы жекпе-жегі наразылық тудырған. Жекпе-жекте төрешілердің басым бөлігінің шешімі бойынша, қазақстандық жеңіске жеткен.
Сербияның бокс одағы бұл шешімді "ұят" деп атап, төрешілерді ұрланған жеңіске айыптады.
- "Төрешілердің тікелей шешімі біздің боксшымызға қарсы болды", - деді одақ президенті Слободан Джурич.
- "Серб боксшыларының бірінші, үшінші және төртінші жекпе-жектерінде осындай болды, төрешілер бәрінің көз алдында қарсыластарына алғашқы раундты берді, дегенмен бұл раундтар боксшыларымыздың таза жеңісі еді", -деді ол.
Функционер жекпе-жектің нәтижелеріне шағымданғанын айтты.
Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан. Келесі жекпе-жекте жеңіске жетсе, қазақстандықтың әлем чемпионаты медаліне үміті бар.