«Бесқару» Fest жобасы басталды

Oinet.kz 25-10-2021 414

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында  «Бес қару» fest жобасы бастау алды.  

image.png

Үш күнге созылатын іс-шара бүгінгі жастарға батырлар институтын қайта жаңғырту, дамыту міндетін алға қоюды мақсат еткен. Онда жасөспірімдерге батырлық қасиетке тәрбиелейтін ойын түрлері ұйымдастырылып, қылыштасу шеберлері мен каскадерлар жауынгерлік өнерден, бес қару түрлерін пайдаланудан шеберлік сағатын өткізеді. 

Батырлар институты тақырыбын барынша ашу мақсатында еліміздің танымал тарих және этнолог ғалымдары мен шетелдік жыршылардың қатысуымен арнайы семинар ұйымдастырылады.  

Іс-шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қызылорда қалаларынан жыршылар мен көршілес қырғыз және өзбек елдерінің жыршы-жомоқшылары, каскадерлар мен этно-фольклорлық топ әншілері қатысады.  

«Бесқару» fest жобасы үш күнге жалғасады.  

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Ұлы Жібек жолы тарихындағы Шымкенттің рөлі ЮНЕСКО деңгейінде талқыланады
«Шымкент туристерді тарихымен де қызықтыруы тиіс»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу