Ұлттық санақ науқанының 1 кезең нәтижесі белгілі болды
2021 жылғы Ұлттық санақ науқанының 1-ші кезеңінде аудан тұрғындарының 45 пайызы онлайн түрінде тіркелген. Атап айтқанда аудан тұрғындарының жалпы саны 122276 болса оның 54396 - сы www.sanaq.gov.kz сайты арқылы санақтан онлайн өткен.
Дәстүрлі жаппай аралау әдісімен жүргізілетін Ұлттық санақтың 2- кезеңі ағымдағы жылдың 15 қазанынан басталғаны белгілі. Қазіргі таңда Ордабасы ауданы бойынша дәстүрлі аралау әдісіне 93 сұхбатшы, 21 нұсқаушы тартылған.
70 пайыз үйлер оффлайн араланып, оның 30 пайызы мәліметтер базасына енгізілуде.