Аялдамалардың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімділігі бақыланды

Oinet.kz 15-10-2021 589

Шымкент қаласында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамту және халықтық әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің  11 мүшесі бар, жыл басынан бері кеңестің 6 отырысы өткізілді. Соңғы отырысында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қаладағы аялдамалардың бейімділігі мәселесі қаралған болатын.

image.png

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамту және халықтық әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қуанышбеков Бауыржан Шереханұлы бастаған кеңес мүшелері Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған жол картасындағы индикаторлардың 9 айда орындалуы, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында транспорт саласындағы автобус аялдамаларын мүмкіндігі шектеулі жандарға ынғайлылығын және автобус пандустарының жұмысын зерделеу мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізді. 

Шымкент қаласында жалпы 36900 мүгедек бар. Оның ішінде, І-топ мүгедектері 3200, ІІ-топ мүгедектері 14817, ІІІ-топ мүгедектері 12327, ал, 18-жасқа дейінгі мүгедек балалар 6515.

image.png

Комиссия мүшелері Б.Момышұлы көшесі (Абай ауданы), Қазыбек би көшесі (Әл-Фараби ауданы), С.Бәйтереков көшесі (Қаратау ауданы), Сайрам көшесі (Еңбекші ауданы) бойында орналасқан жаңадан салынған аялдамалардың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімділігін бақылады.

Айта кетейік, Nur Otan партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 165 аялдамаларды мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жабдықтау жоспарланған. Бүгінгі күні 210 аялдама жабдықталып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін жалпы 250-ге жеткізіледі. 

Сонымен қатар, Шымкент қаласында қоғамдық көлік саласында 600 автобусқа пандустар орналастырған, 290 автобус пандустарымен жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған.

#Nurotan

#Nurotanshymkent

#NurOtanQazaqstan30

«Ясауитану - 2021» республикалық байқауы өтті
Президент жолдауы – жастарға насихат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу