Гүлзира Айдарбекова Қайратты «мамасының баласы» деп сынайтындарға жауап берді

Oinet.kz 12-10-2021 1177

Ел ішінде әнші Қайрат Нұртасты "мамасының баласы" деп сынаушылар көп. Осыған байланысты оның анасы Гүлзира Айдарбекова тыңдарман қауымға жан сырын ақтарды.Screenshot_8.jpg

"Елін-жерін, отанын сүю ер азамат үшін бірінші болып анасын құрметтеуден басталады. Анасын құрметтей алмаған адамда қайдан мейірім болсын. Мен тек Қайраттың анасы емес продюсерімін, соны біле тұра “Мамасының баласы” деп қаншама жылдар мысқылмен тиісіп келгендер аз болған жоқ. Балам осындай сөздерден жауыр болған шығар, намыстанбасын деп, өзімді алшақ ұстауға да тырыстым, көп жерлерге бірге шақырылсақ та, сен барып келе бер деп қала салатын кездерім де болды", - деп жазды Гүлзира Үсенқызы Instagram-дағы парақшасында.

Продюсер ұлы сахнаға алғаш шыққан жылдары қасынан бір елі ажырамағанын айтады. Өйткені өмірде тәжірибесі жоқ балам елге сеніп, алданып қала ма деп қорықтым, дейді. Ұлының өнердегі болашағына алаңдаған Гүлзира Үсенқызы, тіпті ұсақ-түйек жұмыстарды бір өзі атқарғанын еске алды. 

 "Тіптен ақшасын алғанымен жұлып тастапты, қыздар ұрлап кетіпті деп айта берген соң, көшеге түн жарымда ешкімге көрінбей шығып афишаларын да өзім жабыстыратынмын. Естеріңізде болса, жыл сайын 25-ші ақпан Республика сарайында туған күнін халықпен тойласын деп концертін жасайтынмын.

Қыс мезгілі болғандықтан аяздан афишалар не скотчпен не клеймен жабыспай, саусақтарым үсіп қалған кездерім де болған. Бірақ мені аяп жүректері ауырмасын деп не күйеуіме, не балама айтпайтынмын. Ана мен бала арасындағы құрмет кейбіреулерге ұнамай, қаншама жағымсыз сөздер айтылып, жазылып жатса да, ұлыма риза болғаным, керісінше: Менің анам деп жүрегі толы мақтанышпен, анаға деген құрметін жастарға паш етуден, үлгі болудан жалыққан жоқ. Кім не десе де ешбір бала анасын, аналар өз баласын жоғалтпасын!" - деп түйіндеді сөзін ол.

Шымкент: Қала әкімінің орынбасары Е.Білісбеков халық санағының маңыздылығын түсіндірді
Түркістан: Нұротандық депутаттар интернеттің қамтылуы жөнінде мәселе көтерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу