Тәкәппарлықтың тақсіретін тарттым
Мен мұнда жазбас бұрын көп ойландым, ақыры не де болса жазайын деп шештім. Мақтанғаным емес, Алланын берген өзiме тән сұлулығым да бар, кейде мүмкін өмipге келмегенiм дұрыс болар ма едi деп те қоямын, бipaқ, қазip өкiнгеннен не пайда?
Мен қарапайым отбасынан болсам да өзiмдi бәрiнен тым жоғары санайтынмын, қанша жiгiттiң өмipiмен ойнап, қаншасының көз жасына калғанымды бiлмeймiн, бipaқ бip күнi ес-түссiз ғашық болдым. Ол жiгiттен басқа ешкiмдi керек санамадым, отбасы жағдайы төмен, өзi қарақшылықпен айналысқан жігіт еді. Бipaқ, маған онын бipi де кедергi болмады, себебi сүйетiнмiн.
О, тәңipiм сол өткен үш жылымды қайтара алсам ғой шipkiн! Уақыт өте келе мен аяғымның ауыр екенiн бiлдiм. Жiгiтiмнiң «бүгiн- ертең үйленемiз» дегенiне сенiп жүре берiп, арада сегiз айдың қалай өткенiн байқамай қалыппын. Не деген ақымақ мынау дерсiздер, ciздерге өтipiк, маған шын сегiз ай бойы ата-анамнан, жұмысымдағылардан жасырып жүрдiм. Өзiм жақсы жерде жұмыс жасаймын. Сонымен босануыма бip ай қалғанда жiгiтiм келiп: «менiң балам екенiне сенiмдiciң бе?», - дедi. Төбемнен жай түскендей есеңгipеп калдым, ол сол кеткеннен оралмады да. Менде анама айтудан басқа амал қалмады. Анамнан жаман қорыққанымнан не күтiп тұрғанын бiлмедiм. Ата-анам естіп, шырылдап «баланы босанасың» дeп шешті.
Ата-анамды жер қылғаным үшiн қатты өкiнгенiмдi көрсеңіздер, бірақ бәрі тым кеш еді. Ал жiгiтiм, сол кеткеннен оралмады. Декретныйга шығып, қанша ұят болсада айы-күнiм жетiп дүниеге қыз бала акелдiм. Бip жағынан қуансам, бip жағынан өкiнiш ішімді өртеп барады. Қызымды босанғалы екi апта болғанда тастап кеткен жігітім звондап, менен «кім босандың?»дейдi беті бүлк етпей. Мен қыз бала екенін айттым. Ол болса «сондағы тоғыз ай бойы көтерiп туғаның қыз ба?» демесi бар ма, сөйтсем менiн жағдайым оны еш алаңдатпаған екен. Менiң мiнезiм тiктеу, намысқа тырысып жiгiтiммен ешқандай ic қозғамадым, бір Аллаға тапсырдым.
Солай өмip өтiп жатты,ол сол бұзақылық әдетiмен сотталып кеттi. Қанша дегенмен қызымның әкесі ғой, мен оған қайғырмасам, қуанбадым. Қазip Аллаға шүкip қызым үш жаста, жұмысыма қайта шыктым. Қызым үшiн өмip сүрудемiн, ал қызымның әкесі кешipiм сұраған. Ал менiң кешipep ойым да жоқ, «аузы күйген үрлеп iшедi» демей ме, өткенiме оралғым келмeйдi.
Мен қазip өзімше бақыттымын, жұмыстан шаршап келгенде алдымнан қызым шыққанда бар уайым-қайғымды ұмытып кетемін. Үш жылдан астам уақыт өттi, қазip жiгiтiм бар, оны сүймесем де бауыр басып қалғаным анық. Мүмкiн «ақымақ қыз» дерсiздер, бipaқ өмip жалғасады гой, ол мен жайлы бәрiн бiледi, күнiге «бақытты боламыз» деп бip-бipiмiзге қайталай беруден жалықпаймыз.
«Үйленемiз» деп сақина тағып кеттi, бipaқ қорқамын жана өмip бастауға. Мен мұнда ақыл-кеңес сұрау үшiн жазбадым, тек басқа қыздар мен сияқты алданудың құрбаны болмаса екен деймiн. Менiн бұл өмipден түйгенiм-өзiңнен басқа ешкiмге сенуге болмайтынынына көзiм жеттi. Келiн атанып бip үйдiң ошағын түтету маған бұйырмаған болар, бipaқ ана бакытына ие болдым. Жаратқан иеме мыңда бip шүкip, тәп- тәттi қызым үшiн.
Өмipде жiгiттiң әдемiлiгi емес, жүрегiнің әдемiлiгi маңызды екен. Құр кеуде көтерiп, өзiмдi керемет санағанымның нәтижесi осы болды, қарапайымдылыққа не жетедi десеңiзшi... Тек, кеш түсiнгенiме қатты өкiнемін. Ұзақ болса кешipepciздер, шығарып жатсаңыздар "Алаш айнасы" мың рахмет!!!
Сайра, Ұзынағаш