«Менің балам 20 күн болды әлі жоқ» - Бауыржан Дәуітбаевтың әкесі (видео)
Жамбыл облысы, Байзақ ауданында жарылыс кезінде шақырылған әскери қызметкер Бауыржан Дәуітбаевтан 20 күннен бері хабар жоқ. Әскери бөлімнің есігін күзетіп, полицияның табалдырығын тоздырудан қажыған Бауыржанның ата-анасы, жақындары полиция әскери бөлімнен тыс жерде іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан жоқ деп наразылық білдірді, деп хабарлайды Информбюро 31.
- Сұрап, не болды? Не жағдай боп жатыр? Қалай іздеп жатыр, іздеп жатыр ма деген милиция жағынан ешқандай жұмыс жоқ. Көрінбейді. Кеше бір орыс қашып еді бүкіл милиция іздеді. Бір суткаға жеткізбей тапты. Ал менің балам 20 күн болды ешқандай қимыл жоқ. Таппай жатыр дейді - Бауыржан Дәуітбаевтың әкесі.
Ұлын іздеп, шу шығарған ата-анаға жауап беру үшін жарты сағаттың ішінде генерал шығып жауап берді.
- Вертолет туралы сөйлесеміз. Вертолет шығып жатса ондай жағдайды шешуге болады, шешеміз. Бірақ, қай жерге баратынымызды біз нақты білуіміз керек - деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов.
- Оның алдын айттық қой тау боп жиналып қалған топырақты бір жерден көтеріп алып, екінші жерге шығардық. Қазір илеуішпен тазалап жатырмыз. Қазір, топырақты илеуіштен өткізіп жатыр - деді ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының офицері Жұмабек Хасенов.