Шымкент әкімі олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілтін табыстады

Oinet.kz 17-09-2021 607

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов каратэден Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері  Дархан Асәділов пен Софья Берульцеваға пәтер кілтін табыстады.

image.png

Спорттағы жеңістер ел абыройы үшін қызмет ететінін айтқан қала әкімі  Мемлекет басшысы жазғы Олимпиада ойындарында жүлдегер болған қазақстандық спортшылардың еңбегін ерекше бағалап мемлекеттік награда тағайындағанын атап өтті.

Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтаған Дархан Асәділов пен Софья Берульцева «Құрмет» орденімен наградталған. Мемлекеттік награданы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев табыстаған болатын.

Мұрат Әйтенов жетістіктер арқылы каратэ спорт түрінің қалада даму деңгейін көрсеткенін айтып, осы еңбектері үшін қала тұрғындары атынан алғыс білдірді.

Айта кетейік, спортшыларға тұрғын үй қорынан «Нұрсат» шағын ауданынан 1 бөлмелі пәтер берілді.

Каратэ спорты Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілген еді. Дархан мен Софья – каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тоқаевтың Тәжікстанға жұмыс сапары кезіндегі видеосы жарияланды
18 қыркүйек - бүкіләлемдік сенбілік өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу