Шымкентте шенділер оқушыларға бөлінген 36 млн теңгені жымқырды

Oinet.kz 09-09-2021 712

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Түркістан облысы әкімдігінің білім басқармасы әдістемелік орталығының басшысы мен екі қызметкеріне, сондай-ақ, Шымкент қаласының серіктес-тұрғынына қатысты 36 млн. астам теңгені жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды Oinet.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

image.png

Ақшалай қаражат орта мектеп оқушылары мен колледж студенттерін республикалық спорттық іс-шараларға дайындау шеңберінде тамақтандыруға арналған еді.

Жымқыру тиісті тізімдемеде спортшылардың қолдарын қолдан жасау жолымен жүзеге асырылды. Яғни, бюджеттен қаражат бөлінді, ал спортшыларды тиісті деңгейде даярлау жүргізілген жоқ.

Сондай-ақ, тергеу барысында айыпталушылар алдын ала сөз байласу арқылы оларға қатысты жүргізіліп жатқан тергеудің оң шешімі үшін ЭТД жедел қызметкеріне 6 млн.теңге сомасында пара бермек болған.

Әдістемелік орталықтың қызметкерлеріне 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс Шымкент қаласының прокуратурасында.

Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қала мектептерінде тәуелсіздік жетістіктері сараланды
Жамбылдағы жарылыс: Бердібек Сапарбаев Президентке есеп берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу