«Қол-аяқтарды жинап, экспертизаға алып кетіп жатыр» - журналистке оқырманның хатынан

Oinet.kz 28-08-2021 4728

Белгілі журналист, 31 арна тілшісі Ирина Советжанқызы Facebook парақшасында оқырманынан келген хатты жариялады.

image.png

- Жер астында не жатқанын біле тұра, жарылыстың күшті болатынын сезе тұра, ол жаққа өрт сөндірушілерді жіберу — адамды ажалға айдаумен тең емес пе? Әлі түсіне алар емеспін! Оқырманымнан келген мына хатты жыламай оқу мүмкін  емес! 

"Жарылыстан көп адамның денелері бөлшектеніп шашылып кеткен. Әр жерде жатқан қол-аяқтарды жинап, экспертизаға алып кетіп жатыр. Ондаған өрт сөндіру машиналары жанып кеткен. Өрт сөндірушілер менің әріптестерім. Байзақ ауданы өскен жерім. Жүрегім қанжылап отыр. Із түссіз жоғалған өрт сөндірушілер аман есен табылса екен. Билік ақымақ болса, халық зардап шегеді. Бейбіт уақытта неге ер азаматтарымыздан осындай ақымақтықтан айырылуымыз керек? Сол жерде әріптестерін, достарын таба алмай, зар илеп жылап жүрген ер азаматтарды көрсеңіз, өзегің өртенеді ғой. Аллаһ баршасына сабыр берсін" - деп жазды журналист.

«Таразда үйлерді тонап жатыр» - белгілі журналист (видео)
«Қазалы отбасыға жиырма жыл бойы, жыл сайын 10 млн теңгеден беру керек!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу