Қазақ әншісі «Өзбекстан халық әртісі» атағын алды

Oinet.kz 25-08-2021 2472

Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кеше Өзбекстан Республикасы президентінің бір топ өнер, мәдениет, спорт және қоғам қайраткерлерін мемлекеттік атақтармен марапаттау туралы Жарлығы шықты. Солардың арасында этникалық қазақ, әйгілі опера әншісі Жеңісбек Пиязов "Өзбекстан халық әртісі" атағын алды деп хабарлайды Қазақпарат. 

Screenshot_2.jpg

Жеңісбек Пиязов 1988 жылы Нөкіс қаласында дүниеге келген. Өзінің айтуынша, екінші сыныпта оқып жүрген кезінен бастап тойларда ән салған. Алайда, ол әнші емес, атасы сияқты актер болуды армандайды. Басылым дерегінше, бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің қаулысымен Жеңісбек Пиязовқа "Өзбекстан халық әртісі"атағы берілді. Қандасымыз 33 жасында осындай құрметті атаққа қол жеткізіп отыр. 

Сонымен қатар, өнер иесі Қарақалпақстанның еңбек сіңірген әртісі. Одан бөлек, Жеңісбек Пиязов Ла-Скалада өнер көрсеткен тұңғыш орта азиялық әнші.

Аудан әкімі журналисті лақтырып жіберген күзетшілердің кім екенін айтты
Түлкібас: Жаңа оқу жылында 2300-ге жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттағалы отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу