Елімізде діни ағымдар халифат құрамыз деп шықса қиын болады - танымал заңгер
Танымал заңгер Айгүл Орынбек елдегі діни ахуалға алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, діни ағымдар билікке қол жеткізсе мемлекет халифатқа айналып кетуі әбден мүмкін. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Ауғаныстандағы жағдай бізге сабақ болу керек!
Бейбіт елдің қадірін көрші елдегі жағдайға қарап түсінесің!
Ауғаныстан діни ағымға жол беріп, халықты қараңғылықта ұстап, жемқорлықты дамытып алды.
Ел басқарып отырған президенті ұшаққа мінді де ұшып кетті. Президентінен үміт күткен халық ұшақ қанатына жармасқан күйі қалды. Осының бәрін көріп отырып елдің болашағын ойламау мүмкін емес!
Талибандардың діни ұстанымы ханафи мәтуриди дегенімен, заты бұл кәдімгі біздегі уахабизм, сәләфизм идеолгиясынан сусынданған ұйым!
Елдегі салафандар, басқада фундаменталистік ағымдар ертең дәл осылай халифат құрамыз деп шықса, біз сияқты зайырлы қоғамда жүргендерге қиын болады!
Білімі, ғылымы сатылған ел қараңғылыққа беттейді!
Білім, ғылымды бірінші орынға қойып, елдегі білімді жастарды өзімізде алып қалудың барлық жолдарын қарастыру керек!
Қараңғы халық басқаруға жақсы демекші, дамыған елді бізге ешкім жасап бермейді.
"Иманды ұрпақ көбейсе елдің болар тірегі" демекші ұл- қыздарымыздың әлеуметтік желілердегі материалдарына, оқитын кітаптары мен достарына мән беріп, дұрыс тәрбиесіне қарау баршамызға міндет!" - деп жазды заңгер.