Қалдыбек Құрманәлі: Роза мен Мақпалды да жексұрын қылды

Oinet.kz 18-08-2021 4445

Қазақтың танымал композиторы Қалдыбек Құрманәлі желіде отырып, өнер адамдарын сынға алатындарға қатысты пікір білдірді. "Nege.kz" сайтына берген сұқбат берген өнер иесі желідегі кибербуллинг туралы сөз қозғады.

Screenshot_4.jpgҚалдыбек Құрманәлінің сөзінше, кейбір адамдардың мақсаты – өнер адамдарын жексұрын қылу.  

"Тек осындаймен айналысады отырып алып. Роза мен Мақпалды да жексұрын қылды, ал Шаханов мүлдем оңбаған адам болып шықты. Тіпті, Шахановқа "Өліп қал! Түркияда жүрегің неге тоқтап қалмады?" деп жазғандар болды. Солардың денсаулығына да күмәнмен қараймын. Ал менің денсаулығым жақсы. Жүрегім ауырған екен, емделіп шықтым. Өткенде біреу "Жүрегіңе ота жасалғанда неге өліп қалмадың?" деп жазыпты. Оған "Ей, мен өлмейтін болдым. Бұл жүрекпен 53 жыл өмір сүрдім, енді 53 жыл өмір сүремін. Мен әлі сенің жаназаңа қатысуым керек" деп жазсам болады ғой. Бірақ мен олай жазбаймын", - дейді ол. 

Ләйлә Сұлтанқызы Тұрсынбек туралы жеке пікірін білдірді
Зульфия Чиншанлоға үш бөлмелі пәтер тарту етілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу