Ауғанстан президенті ақшаға толы көлікпен қашқан
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Кабулдан ақшаға толы көлікке отырып қашып кетті, өзімен алып кете алмағаны әуежайдағы алыңда қалды. Бұл туралы Ресей елшілігінде айтылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
- "Режимнің құлдырауына келетін болсақ, ол Ғанидің Ауғанстаннан қалай қашып кеткенінен айқын көрінеді: төрт көлікке ақша толтырып, оны тікұшаққа сыйдыруға тырысты, бірақ бәрі сыймаған. Ақшаның бір бөлігі ұшу алаңында қалды", - деді дипломатиялық миссияның өкілі Никита Ищенко.