Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты тағы бір кеңес өткізді

Oinet.kz 16-08-2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Тоқаев.jpg

Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда қалыптасқан жағдайға байланысты кешелі бері екінші рет жиын өткізген. Жиынға Премьер-Министр Асқар Мамин, күштік құрылымдар: Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері, Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі басшылары мен Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қатысты.

- "Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұлттық мүддесін ескере отырып, шұғыл әрекет ету шаралары және біздің елдің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланған.

Президент құзырлы мекемелерге Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл осы елмен бұдан былайғы ынтымақтастық бойынша шешім қабылдау үшін аса маңызды", - делінген хабарламада.

кеңес.jpg

Қазақстандық оқушылар Халықаралық олимпиадада үш медаль жеңіп алды
Екпе алмаса, қауіп көп...


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×