Шымкентте сыбайлас жемқорлық көбейген
29-03-2023
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарауындағы, Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес, қалада көптеген спорт нысандары ашылып, тұрғындар игілігіне берілуде.
Бұл бағытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында да бірқатар шағынаудандарда спорт клубтары жұмыс істеуде.
Шымкент қаласы әкімінің шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту және баршаға қолжетімді спорт жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабында жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Қаратау ауданының әкімі А. Әліқұлов демеушілер есебінен салынған көп функционалды спорт алаңшасының жұмысымен танысты.
Аталған спорт алаңшаның құрылысына демеушілер есебінен 14,5 млн теңге қаралып, мердігер мекеме «Ферротекс» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда спорт алаңшасы тұрғын алаптағы № 83 мектепке пайдалануға берілуде.
Қалада бұл бағыттағы жүйелі іс-шаралар одан әрі жалғасын табатын болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі