Қазақстанға қытайлық вакцинаның миллион дозасы жеткізілді

Oinet.kz 10-08-2021 730

Алматыға қытайлық Sinopharm вакцинасының бірінші партиясы келді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "СҚ-Фармация" мәліметіне сілтеме жасап.

вакцинаа.jpg

Компания мәліметінше, Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаның төрт миллион дозасын сатып алған. Оны Пекин биологиялық өнімдер институты әзірлеген және Sinopharm компаниясы шығарған.

- Бірінші партияда бір миллион доза бар. Sinopharm вакцинасы Қазақстанда тіркелген бесінші вакцина болмақ. Жақын күндері оны тұрғындар салдыра алады. Жапсырма жабыстырылғаннан кейін вакциналар тез арада еліміздің өңірлеріне жіберіледі. Дәрілік заттардың логистикасы барлық стандартқа сәйкес орындалады. Sinopharm вакцинасының ерекшелігі - оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, ол +2-ден +8 градусқа дейінгі температурада сақталады және тасымалданады, - делінген "СҚ-Фармация" хабарламасында.

Sinopharm Қытай вакцинасы биыл 7 мамырында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мақұлданған. Шілдеде ол COVAX вакциналар банкіне кірді. Вакцина инактивті, екі дозалы. Сақтау мерзімі - 24 ай.

- Бұл ДДСҰ қауіпсіз және тиімді деп бағалаған алғашқы Қытай препараты. 45 елде ересектерге салуға рұқсат берілген. Бүгінде вакцинаны Қытайдан басқа, БАӘ мен Сербияда өндіреді. Сонымен қатар, Қытай мен БАӘ Sinopharm компаниясының инактивтендірілген вакцинасын үш жастан 17 жасқа дейінгі балаларға шұғыл қолдануын мақұлдады, - деп қосты компания өкілі.

Бұған дейін Қазақстанда қытайлық Sinopharm вакцинасы жаппай егілетіні хабарланған болатын. Сәуірдің соңында Қазақстан БАӘ-де Hayat-Vax сауда атауымен шығарылған Пекин биологиялық өнімдер институтынан Sinopharm препаратының миллион дозасын сатып алып үлгерді.

image.png

Алексей Цой коронавирусқа қарсы ревакцинацияның мерзімін атады
Нұрлан Сабуров Головкин мен Ахмедовтің лагерінде жаттығу өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу