Қазақстандық тағы бір палуан жеңіліске ұшырады

Oinet.kz 03-08-2021

Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Тұрсынов.jpg

Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Тұрсынов 1/8 финалда германиялық Денис Кудламен кездесіп, қарсыласына 4:1 есебімен жол берді. 

Осылайша, Токио Олимпиадасына барған төртінші балуанымыз да алғашқы қарсыласынан жеңіліп отыр. Бұған дейін Мейрамбек Айнағұлов, Эльмира Сыздықова мен Демеу Жадыраев бірінші айналымнан аса алмаған еді.

Соңғы тәулікте 7 481 адамнан коронавирус анықталды
«Елімізде вакцина салынуы тиіс халықтың 55 пайызы екпе алды» – Алексей Цой


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×