Айжан Байзақова анасына өте қымбат көлік сыйлады
Желіде ашық образдарымен танылған Айжан Байзақова анасының туған күнінде оған ерекше тосын сый жасады. Блогер ару 58 жасқа толған анасына қымбат көлік тарту еткен.
Бұл туралы Айжан Байзақованың анасының Instagram парақшасынан белгілі болды. Туған күн иесі өзін құттықтаған барша жандарға алғыс айтып, балаларының өзіне тарту еткен сыйлығын көрсетті.
"Туған күніммен. Жас деген бар болғаны сан ғана, өмір енді ғана басталуда. 58 жасымда қандай сұлу әрі бақытты екенімді түсініп тұрмын. Барлық құттықтауларыңызға рахмет. Енді менің өзімнің жеке көлігім бар. Балаларыма рахмет", - деп өз қуанышымен бөлісті блогердің анасы.