Ауыл тұрғындары өз таңдауын жасауда!
Бүгін таңғы сағат 8:00-ден бастап Түлкібас ауданына қарасты Арыс, Ақбиік, Тастұмсық, Келтемашат ауылдық округі әкімінің жаңа форматтағы сайлауы бастау алды. Округтер аумағындағы 12 сайлау учаскелерінде сайлау науқаны еліміздің әнұранының орындалуымен бастау алды.
Арыс ауылдық округінен әкімдікке 4 үміткерді сайлауға 1662 округ тұрғыны;
Ақбиік ауылдық округінен әкімдікке 4 үміткерді сайлауға 2286 округ тұрғыны;
Тастұмсық ауылдық округінен әкімдікке 3 үміткерді сайлауға 2363 округ тұрғыны;
Келтемашат ауылдық округінен әкімдікке 3 үміткерді сайлауға 2392 округ тұрғыны қатысып, өз таңдауын жасамақ.
Барлық учаскелерде карантин талаптары қатаң сақталуда.
ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫҢЫЗДЫ ЖАСАП, АУДАНЫМЫЗДЫҢ ДАМУ ЖОЛЫНДА ӨЗ ҮЛЕСТЕРІҢІЗДІ ҚОСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі