Кәсіподақ ұйымы ашылып, келісім - шарт жасалды
«Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Кәсіптік одақтар туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 2021 жылғы 6 айдағы Шымкент қаласындағы еңбек қатынастарының жағдайы туралы ақпараттармен таныстырды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, «Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, мекемеде жұмыс жасап жатқан 71 адам немесе 100% қызметкерлер мен жұмыскерлер кәсіподақ мүшелігіне қабылданды.
Жалпы жиналыста кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Есімжан Баирбекұлы Занкоев және тексеру комиссиясының төрағасы болып Шерхан Үсенұлы Кеңес сайланды.
«Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Есімжан Баирбекұлы Занкоев және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов арасындағы өзара қарым-қатынастар жөніндегі келісім-шартқа қол қойды.
Сонымен бірге жұмыс беруші тарапынан Абай ауданының әкімі Бұхарбай Рысқұлұлы Парманов және жұмыскерлер немесе қызметкерлер (кәсіподақ) тарапынан кәсіподақ ұйымының төрағасы Есімжан Баирбекұлы Занкоев жалпы жиналыста қабылданған ұжымдық шартқа қол қойды, сондай-ақ оны Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына тіркеуге жолдады.
Кәсіподақ орталығының баспасөз қызметі