Коронавируспен ауырған адам неліктен үш айдан кейін вакцина алуы керек
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева КВИ-мен ауырған адам емделгеннен кейін үш айдан соң вакцина алуы туралы шешім қалай қабылданғанын түсіндірді.
- «Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ауырып жазылған адамды үш айдан кейін вакцинациялау ұсынылып отыр. Мұндай шешім инфекциядан кейін 3-6 ай аралығында қайта жұқтыру жағдайларының жиі тіркелуіне байланысты туындады», – деді Айнагүл Қуатбаева.
Оның айтуынша, коронавируспен ауырған азаматтарды вакцинациялау онсыз да әлсіреген ағзаның қайта жұқтырмауы үшін маңызды. Инфекцияны қайта жұқтыру әдетте үлкен қиындықтарға әкеледі.