Шығыс Қазақстанда коронавирус пішінінде бұршақ жауған (видео)

Oinet.kz 13-07-2021 824

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Алтай аймағында “коронавирус” пішініндегі бұршақ жауды деп хабарлайды Oinet.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

image.png

Тұрғындар коронавирус пішініне ұқсас бұршақ жауғанын көріп, таңғалған. 

Қолайсыз ауа райы салдарынан аймақта электр сымдары үзіліп, көптеген ағаш құлап, үш үйдің шатырына зақым келген. Оған қоса, Өскемен қаласын су басып, көшелер өзенге айналған. 

10 коммуналдық бригада суды сорып, арнайы құдықтарды қолмен тазартқан. Алайда аймақта алдағы күндері тағы дауылды ескерту жарияланды.

- Жаңбыр әлі де жаууы мүмкін. Сондықтан қазір кәріздер тексеріліп, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, – дейді Өскемен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз хатшысы Владимир Землянский. 

Кейінгі тәулікте коронавирустың 3693 жағдайы тіркелді
Басшылық вакцина алмаған қызметкерді жұмыстан шығарады - министрлік түсініктемесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу