Қайрат Нұртастың оқушы кезде айтқан әні құлақтан кіріп бойды алды (видео)
Қазақстанда тойға шығу гонорары ең көп әнші Қайрат Нұртастың оқушы кезде айтқан әні желіде тарады. Мұнда әнші махаббат туралы өлеңдер айтқан ұнайтынын жеткізеді. Содан соң мектеп бітіру кешінде "Сүйемін сені" әнін орындайды.
Видеоны көрген көпшілік Қайрат Нұртас кішкентай кезінде расында да талант болғанын мойындап, сүйіспеншіліктерін білдірді.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда Қайрат Нұртас Қазақстандағы ең бай әншілер қатарында. Оның көптеген өлеңдері хит болып, тыңдармандарының жүрегінен орын ала білді. Бүгінде Қайрат Нұртас 4 баланың әкесі, асыл жар.