Шымкент вакциналау жағынан еліміз бойынша көшбасшылар қатарында тұр

Oinet.kz 18-06-2021 611

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов айтты.

image.png

–  Вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүруінің нәтижесінде Шымкент қаласы жасыл аймақта тұр. Бүгінде 25 жылжымалы бригада, 43 вакцина егетін нысан бар. Сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін демалыссыз жұмыс күші жұмылдырылды. Қазіргі таңда 1-компоненттен 221 201 адамға, 2-компоненттен 125 316 адамға егілді. Бұл ретте Шымкент еліміз бойынша Алматыдан кейінгі 2-орында. Өткен тәулікте 1 компоненттен 3 999, 2-компоненттен 3 101 адам қабылдады. Алайда, ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакцинациялау жұмысын 70 пайызға жеткізуге тиіспіз. Осы орайда, тұрғындарды эпидахуалға бейжай қарамай, вакцина салдыруға шақырамыз, – деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, қазіргі таңда қаламыздың «жасыл» аймақта болуының салдарынан алаңдау индексі төмендеген. Өңірдегі той, жиындар тиылар емес. Өткен жылмен салыстырғанда ауру жұқтыру көрсеткіші жас ерекшелігіне байланысты өзгерген. Бұл ретте 18 жасқа толмағандар басымдық көрсетуде.

Айта кетейік, қалада қауіп қарқыны сейілмей тұр. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 37 жағдай тіркелді. 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мұқан Егізбаевтың марапаты әкесіне тапсырылды
Түркістанда үздік дәрігерлер марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу