М.Әуезов атындағы ОҚУ әлемдік QS 2021 рейтингісінде 482-орында

Oinet.kz 09-06-2021 957

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы-ректор Д.Қожамжарованың қатысуымен брифинг өтті.

Screenshot_4.jpg

Баспасөз мәслихатында ректор университет рейтингісіне айрықша тоқталды. 

  – М.Әуезов атындағы ОҚУ-і 2012 жылдан бастап QS әлемдегі беделді университеттер рейтингісіне қатысып келеді. Халықаралық рейтинг агенттігі Quacquarelli Symonds (QS) 2021 жылғы әлемнің ең үздік университеттерінің тізімін жариялады.  Осы ретте, Қазақстанның 14 ЖОО-ның ішінде біздің университет 3-орынға ие болды. Ұсынылған нәтижелер бойынша ОҚУ 482 позицияны (өткен жылмен салыстырғанда 8-ге жоғарылаған) алып, университеттің әлемдік білім кеңістігінің жоғары стандарттарына сәйкестігін дәлелдеп отыр, - деді басқарма төрағасы.

Спикердің сөзінше, Auezov University 7 жаһандық және 2 ұлттық рейтингке қатысады (Greenmetric - 458-ші позиция, RankPro - 2021, ТОП – 500). Сондай-ақ, ОҚУ - "Химия ғылымдары" пәндік рейтингіне енген Қазақстандағы жалғыз ЖОО.

Сонымен қатар, университет 2 жыл бойы Орталық Азиядағы Нобель фестивалінің ресми серіктесі болып табылады. Өткен жылы бұл жоба университеттің имиджі мен трансформациясына оң әсерін тигізді. Ал 13 500-ден астам қатысушылар тамашалған Нобель фестиваліне университеттің 6 ғалымы (үш негізгі бағытта: мүмкіндіктер экономикасы, болашақ индустриясы және EdTrends сессиялары) спикер және модератор ретінде  қатысты.  Сондай-ақ, "Әуезов оқулары – 19: Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл" атты халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы Central Asia Nobel Fest екінші фестивалінің ғылыми-ақпараттық платформасы болып жұмыс істеді.

Айта кетейік, ОҚУ-і  – Қазақстанның ірі көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі. Бүгінгі күнде  онда 29 343 адам білім алады. Университетте әлеуметтік осал топтарға жататын студенттерге көмек көрсету жүйесі қолға алынған. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 222 студентке күнделікті тамақтануға (күніне 1357,26 теңге), оқу ақысын төлеуге, жатақханада тегін тұруға мүмкіндіктер жасалған.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото - Ернар Мамыр

Асхат Аймағамбетов парақор директорлардың бар екенін айтты
ҰБТ-да жоғарғы балл жинаған түлектің нәтижесі жойылды: Миниcтрлік себебін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу